Комитет төрайымы мен орынбасар нұсқасындағы коронавирусқа қайта шалдыққандар саны бір аптада бірден «жүздеген есеге артты».
Министрліктің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова бүгін ОртКом алаңында өткен брифингте Қазақстанда 800 шақты адам коронавирусты қайта жұқтырғанын мәлімдеді.
«Зерттеу материалы мен статистикалық мәліметтерге сәйкес, 800-ге жуық адам қайта ауырған сырқат ретінде тіркелген. Бірақ бұл жағдайдың әрқайсысын эпидемиологтар мен сала мамандары жіті зерттеп, консилиум жүргізетін болады», – деді Ахметова.
Ол кейіннен толық ақпарат беруге уәде етті.
Бір қызығы, осыған дейін дәл осы төрде сәуірдің 14-і күні брифингте Ахметованың бастығы, комитет төрайымы Айжан Есмағамбетова мұндай дертке шалдыққандар небәрі екеу деп еді.
Есмағамбетова «Әзірге ресми тіркелген екі жағдай бар. Дегенмен жаңа штамдардың таралуы себепті қайта жұқтыру ықтималдығы жоғары екенін айтқым келеді. Сондықтан емдеу хаттамасына қайта сырқаттану туралы түсінік енгізіліп, оған жататын жағдайлар нақтыланды» деген.
Министрлік мәліметінше, қайта сырқаттанған алғашқы жағдай Қарағанды облысында былтыр қазан айында тіркелген. Қараша айында БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманованың коронавирус жұқтырған науқастың арада бірнеше ай өткен соң қайта ауырғаны жөніндегі мәлімдемесін вице-министр Ажар Ғиният мен комитет жетекшісі Айжан Есмағамбетова терістеген еді.
Қазақстанның денсаулық сақтау саласында статситика ең басы даулы мәселе. Пандемия тұсындағы негізгі есеп коронавирус статистикасының өзі сарапшы-мамандар мен ақпарат құралдарының ескерту-сыны бойынша үздіксіз жетілдіріліп келеді. QT редакциясының үндеуімен бірқатар кемшіліктер толықтырылған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі