Қазақстанға коронавирусқа қарсы америкалық вакциналарды, соның ішінде Pfizer өнімдерін жеткізуге мүмкіндік бар. Бұл туралы бүгін Қазақстандағы АҚШ елшілігі ұйымдастырған онлайн дөңгелек үстелде елші Уильям Мозер айтты.
Ол Қазақстанға Pfizer вакциналарын жеткізу бойынша келіссөздерден бейхабар, бірақ жеткізуге мүкіндік бар екенін айтты.
"Мен Қазақстанның америкалық вакциналарды сатып алу мүмкіндігі бар екенін білемін. Әрине, АҚШ жақтаушысы ретінде Қазақстанның біздің вакциналарды сатып алғанын қалар едім. Себебі мен оларды тиімді және өте жақсы вакциналар деп ойлаймын. Меніңше, жеткізу мүмкіндігі бар. Бірақ бұл - өте күрделі техникалық және коммерциялық мәселе. Мен нақты айта алмаймын. Менің ойымша, АҚШ-та біздің азаматтарымызды қамту үшін вакциналар жеткілікті" деді Мозер.
Pfizer – корнавирусқа қарсы вакциналардың арасынан қандай да бір нәтиже көрсеткен алғашқы екпе. Әлемнің бірқатар мемлекеті америкалық осы вакцинаны салдырып жатыр.
Қазақстан 2 ақпаннан бастап ресейлік "Спутник V" екпесін сала бастаған. Бұл вакцина қазір Ресей мен Қазақстаннан бөлек Аргентина, Венгрия, Венесуэла, БАӘ, Түркіменстан, Иранда да салынып жатыр. "Спутник V" екпесі екі дозадан тұрады. Екінші дозаны 21 күннен кейін салу керек. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 733 980 адам (халықтың 3,9 пайызы) коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған. Бұдан бөлек, елде тағы бір вацина сынақтан өтіп жатыр. Атауы QazCovid-in-нан QazVac-қа өзгерген қазақстандық вакцина қазір сынақтың үшінші кезеңінде. Оны қазақстандық ғалымдар Жамбыл облысында дайындап жатыр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді