Еуроодақ Украина шекарасындағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Ресейге ескерту жасады.
ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель ресми мәлімдемесінде: «Украинамен арадағы шекарада Ресейдің 150 мыңнан аса әскери қызметкері орналастырылған. Бұл шиеленістің өршіп кету қаупі бар екенін білдіреді. Қазір екі ел шекарасына дала госпитальдері құрылып жатыр. Бұл ақпаратты қайдан алғанымды айта алмаймын. Бірақ бұл алаңдататын мәселе», – деді.
Одаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлері өткізген бейнеконференцияда Украина мен Грузия проблемалары, сондай-ақ Иранның ядролық келісімі төңірегіндегі ахуалды талқылау жоспарлаған еді. Алайда қатысушылар қосымша Ресей мен Украина шекарасындағы жағдайға қатысты мәселе көтерді. Жалпы бейнеконференция қорытындысы бойынша Еуродақ Мьянмаға қарсы санкцияларды күшейтті.
Наурызда Донбасстағы жанжал қайта ушыққан. Түрлі хабарға қарағанда, Ресей әскері Украина шекарасына жақын жерлерге шоғырлана бастаған. Мәскеу бұл әскердің ешкімге қауіп төндірмейтінін айтады. Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлескен Владимир Путин Мәскеудің бұл қадамға өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барғанын айтқан.
Ал Тhe New York Times газеті Мәскеудің Украина шекарасына 4000-ға жуық әскер жібергенін жазды. Басылымның мәліметінше, Ресей 23 наурызда аяқталған әскери жаттығулардан кейін Украина шекарасына жақын аймақтан әскер шығармағандықтан, АҚШ пен Еуроодақ бұл жағдайды қатаң бақылауға алған. Себебі шекараға әскер жіберу – мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сонымен бірге, әлеуметтік желілерде Ресей Брянск, Воронеж және Ростов облыстарына, аннексияланған Қырымға да әскерилер жіберіп жатқандығы туралы хабарламалар жарияланды.
Кейіннен Еуроодақ пен АҚШ Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді талқылады. Жаңа санкциялар аясында Ресей олигархтарының қаражаты бұғатталып, Ресейдің SWIFT банк жүйесінен шеттетіледі. Кеше Ұлыбритания Украины қолдау мақсатында Қара теңізге екі әскери кеме жіберетінін хабарлады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді