Сенбіде Чехия ресейлік 18 дипломатты елден шығару туралы шешім шығарған. Мәскеу бұған жауап ретінде Чехияның 20 дипломатты «нон грата» деп жариялады.
Мәскеу дипломаттарға бір күн уақыт берді. Ресей Сыртқы істер министрілігінің мәлімдемесінде: «Америкаға жағыну мақсатында Еуропа елдері де өрескел қателікке барып отыр. Дипломатиялық миссияның 18 қызметкерін қайтару – Ресеймен екіжақты қарым-қатынасына ауыр соққы. Слуцкий журналистерге сенбі, 17 сәуір күні. Негіздемесі де, 2014 жылғы оқиғаға сілтеуі де сын көтермейді. Мұндай қадамға баруға шынайы себептің жоғына сенімдімін», – делінген.
Бұған дейін Чехия Сыртқы істер министрі Ян Гамачектің Мәскеу сапарынан бас тартқаны белгілі болды. Бұл сапарда ол «Спутник V» вакцинасын сатып алу жөнінде келіссөз жүргізбек болған. Бұл жоспары үшін Гамачекті өз коалициясындағы әріптестері де, оппозиция да сынға алды.
Чехия мен Ресей арасындағы дипломатиялық жанжалдан кейін осы елдегі ресейлік елшілік алдында наразылық шеруі өтті. Дипломатиялық өкілдік алдына жиналған шерушілер Еуроодақ пен НАТО туын ұстап, екі ел арасындағы текетіресте Чехияны қолдауға шақырды. Акцияға қатысушылар Мәскеудің әрекетін айыптау керек дейді. Енді Еуроодақтың сыртқы істер министрлері аталған мәселе бойынша жиын өткізеді.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?