Жапонияның 3 префектурасында эпидахуалдың ушығуына байланысты карантиндік шектеу шаралары бір айға күшейтілді. Үкімет қаулысы 5 сәуірден бастап заңдық күшіне енеді.
Вирус кейстері 47 префектураның 34-інде артқан. Науқастардың басым бөлігі коронавирустың жаңа штамын жұқтырғандар. Әсіресе «британдық және бразилиялық штам» жұқтырғандар саны көп.
Бұған дейін он үш елге Жапония аумағына кіру ережелері қатаңдатылған болатын. Ресми құжатта: «Австрия, Бельгия, Бразилия, Германия, Дания, Италия, Нигерия, Нидерланды, БАӘ, Словакия, Швейцария, Швеция, Франция азаматтары үшін Жапония аумағына кіру ережелері өзгертілді. Туристер елге кіргеннен кейін үш күн ішінде карантиндік мекемелерде болуы керек. Осыдан кейін олар коронавирусқа тест тапсыруы керек. Теріс нәтиже болған жағдайда екі апта оқшаулануы тиіс», – делінген.
Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штаммының табылуына байланысты әлемнің барлық елдеріне виза беруге бойынша тыйым Жарпонияда 28 желтоқсанда күшіне енді. Бастапқыда бұл шара қаңтардың соңына дейін қолданылуы керек еді. Бірақ кейіннен ол төтенше жағдай режимімен бірге ұзартылды.
Елде төтенше режим жойылғаннан кейін де Жапония билігі шетелдіктерге виза беру ережелерін жеңілдетпейді. Қазіргі уақытта елге тек жапон азаматтары және ұзақ мерзімді визалары бар шетелдіктер кіре алады. Шекарадан өткенде олар 72 сағат ішінде тапсырылған теріс нәтижелі ПТР тестін растайтын құжат болуы қажет.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді