Былтыр жемқорлық күдігіне ілініп, үйқамақта отырған Қазақстанның экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың денсаулығы нашарлаған. Бұл жайлы оның адвокаты Дмитрий Куряченко «Астана» телеарнасының журналистеріне айтып берген.
Адвокаттың сөзінше, Біртановқа қазір медециналық көмек көрсетіліп жатыр.
Экс-министрдің қорғаушысы «Астана» телеарнасына берген сұхбатында Біртановтың кінәсіз екенін дәлелдейтін айғақтар бар екенін айтып, оны негізсіз ұстап отырғанын алға тартқан.
«Керісінше, оның кінәсіздігін және қатысы жоғын дәлелдейтін фактілер бар. Айып денсаулық сақтау саласындағы интеграциялық платформа жасаушы хорваттың «Эриксон Никола Тесла» компаниясының өз міндеттерін орындамағаны жайлы күдікке негізделген. Алайда тіпті медицина мекемесіндегі хаттар дауы платформаның жұмыс істеп тұрғанын дәлелдейді» – деді адвокат.
2017 жылдың қаңтарынан бастап денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған 49 жастағы Елжан Біртанов былтыр маусымда коронавируспен ауырғандар саны күрт көбейіп, ауруханаларда орын жетпей жатқан тұста қызметінен бостылған. Ал қараша айында ол «ірі көлемде қаржы жымқыру» күдігі бойынша ұсталды. Ол сол кезден бері үйқамақта отыр. 26 наурызда сот оның қамау мерзімін 30 сәуірге дейін ұзартқан.
















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес