Мьянмада наразылық білдірушілердің полициямен қақтығысында 38 адам қаза болды. Бұл туралы БҰҰ-ның арнайы өкілі Кристин Шранер Бургенер хабарлады.

Елде 1 ақпаннан бері зардап шеккендердің жалпы саны 50-ден асады.. Дипломат сарапшылардың пікірінше, полиция наразыларды күшпен тарату кезінде пулемет тапаншаларын қолданған.

1 ақпанда Мьянма әскери күштері бір жылға төтенше жағдай жариялады және президент Вин Мьин мен мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжиді қызметінен айырды. Әскерилер былтыр қарашада өткен парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген еді. Былтырғы сайлауда Аунг Сан Су Чжи басқаратын Демократияшылардың ұлттық лигасы партиясы жеңімпаз деп танылған. Әскерилер сайлау әділ өтпеді деп санайды.

8 қарашада Мьянмада пандемияның екінші толқыны және осыған байланысты қолданыстағы шектеулер аясында парламенттік сайлау өтті. Нәтижесінде Аун Сан Су Чжи бастаған «Деемократия үшін ұлттық лига» билеуші партиясы жеңіп алды. Аталған партияның басты бәсекелесі саналатын әскери ынтымақтастық және одақты дамыту партиясы ел Парламентінде ең аз орынға ие болды.

"The Qazaq Times"