АҚШ журналист Жамал Хашоггидің өліміне байланысты баяндамалық құжатты жарияламақ. Болжам бойынша, «журналисті өлтіруге бұйрық бергендердің» қатарында бірінші боп Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салманның есімі аталады.
Биліктің қудалауынан кейін елінен кеткен Жамал Хашогги 2018 жылы қазанда Стамбулдағы Сауд Арабиясы консулдығының ғимаратында өлі күйінде табылды.
Алдымен саудиялық тарап журналист консулдық ғимаратынан аман-есен кеткенін айтты. Кейіннен журналист өлімінің әртүрлі нұсқаларын ұсынды. Халықаралық зерттеушілер тобының талабынан кейін Сауд Арабиясы оның «консулдық қызметкерімен төбелес кезінде байқаусызда» өлтірілгенін мойындады. Оқиғадан бірнеше апта өткен соң, елдің прокуратурасы кісі өлтіру қасақана болды деген мәлімдеме жасады.
2019 жылдың желтоқсанында Сауд Арабиясы соты Хашоггиді өлтірді деп айыпталған бес адамды өлім жазасына кесіп, тағы үш адамды ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырды. Алайда, 2020 жылдың қыркүйегінде өлім жазасына кесілгендердің жазасы жеңілдетіліп, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Түркиялық тергеу тобы Жамал Хашоггидің айуандықпен, арнайы тапсырыспен өлтірілгенін айтты.
Осы аптада жарияланатын баяндамада Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салманның Хашоггиді өлтіруге тапсырыс бергені жарияланады деген мәліметтер бар. Зерттеуге негізделген құжаттағы деректер АҚШ Орталық басқару басқармасынан алынған.
35 жастағы Мұхаммед бин Салман Сауд Арабиясының билеушісі. Оның әкесі, король Салман 86 жаста және өзінің үлкен ұлына биліктің негізгі бөлігін ұзақ мерзімге тапсырған.
2019 жылы Сауд Арабиясының арнайы қызметтері Хашоггиді өлтіру операциясына қатысқандығы белгілі болған кезде, ханзада Сауд Арабиясының басшысы ретінде журналистің өлімі үшін толық жауапкершілікті сезінетінін айтқан. Көптеген сарапшылар тапсырыспен өлтірілген журналист Хашогги шындықты жиі жазғандықтан мұрагер ханзадының «жауы» болғанын айтады. Бұл оқиғадан кейін Мұхаммед бин Салманның халықаралық аренадағы дәрежесі нұқсан келді.