Жапония мен АҚШ ресми түрде елдегі әскери базаларға бөлінетін қаржылық шығын шарттарын тағы бір жылға ұзарту туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Жапония СІМ басшысы Тосимицу Мотэги хабарлады.
«Бүгінгі баспасөз конференциясы алдында бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде АҚШ-тың Жапониядағы елшісінің міндетін атқарушы Джозеф Янгпен ортақ келісімге қол қойдық», – деді Мотэги. Жапон сыртқы саяси ведомствосының басшысы екі елдің үкіметтері жапон-америка альянсын нығайтатынын атап өтті.
Былтыр Жапонияның әскери базаларды ұстауға арналған шығындары 199,3 млрд иенге жеткен. Яғни нгізгі бағам бойынша 1,8 млрд доллардан астам. Жапония осы нысандарға байланысты барлық коммуналдық шығындарды төлейді. Сонымен қатар олардың жергілікті қызметкерлерінің жалақысын алады.
Окинава аралында орналасқан Кадэна – АҚШ-тың Қиыр Шығыстағы ең ірі әскери базасы. Ол 2 мың гектар жерді алып жатыр. Жалпы Окинава аралында 25 мың 800 америкалық жауынгер мен олардың 19 мың туысы тұрып жатыр. Окинава префектурасының әкімшілігі мен жергілікті халық үнемі АҚШ әскерінің қысқартылуын талап етеді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті