Канада Парламентінің төменгі палатасы – Қауымдар палатасы Қытай билігінің Шыңжаңдағы әрекетін геноцид деп таныды. Парламент сайтында жарияланған тиісті процедураны оппозициялық Консервативті партияның депутаттары қолдады.
Құжатты қабылдауға 266 депутат дауыс берген. Қарсы дауыс болған жоқ. Дауыс беруге қатысқан Канаданың Сыртқы істер министрі Марк Гарно, билеуші либералды партияның депутаты «Министрлер Кабинетінің барлық депутаттары Шыңжаңдағы ахуалды адам құқықтарын таптау және геноцид деп санайтынын» айтты.
Енді Парламент мүшелері олардан кейін Канада үкіметі ұйғырларға қатысты жағдайды геноцид деп мойындайды деп үміттенеді. Сонымен қатар, ресми Оттава 2022 жылғы Олимпиаданы Бейжіңде өткізбеу керектігін айтты.
Бұған дейін Канада билігі Қытайдың Шыңжаңда адам құқықтары бұзылғанын бірнеше рет айтқан болатын. 19 ақпанда Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо «Үлкен жетілік» елдерінің виртуалды саммитінде Қытайдағы мұсылмандардың жағдайына тоқталып өткен.
2018 жылдың тамызында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасының өкілдері Шыңжаңдағы түзету лагерлерінде 1 млн-ға дейін мұсылмандардың заңсыз қамалғанын мәлімдеді. Басқарма бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, осы аймаққа бақылаушылар жіберуді ұсынды.
Қытай билігі Шыңжаңда пенитенциарлық мекемелердің орналасқаны туралы ақпаратты бірнеше рет жоққа шығарды. Сонымен қатар, 2018 жылдың соңында олар өңірде білім беру және кәсіптік даярлау орталықтары жұмыс істейтінін айтты. Қытай басылымдарының мәлімдеуінше, онда терроризм мен экстремизм идеяларының ықпалына түскен, қытай тілін, жазу негіздерін, коммуникативтік дағдыларды және ҚХР заңнамасының негіздерін оқитын адамдар бар. Бұл орталықтардағы адамдардың нақты санын Қытай билігі жасырын ұстап отыр.
Қаңтарда АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Америка Шыңжаңдағы жағдайды «геноцид және адамзатқа қарсы қылмыстар» деп таныды.