Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды деп хабарлады дереккөзге сүйенген ҚазТАГ агенттігі.
«Мұсайбековті Сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстады. Ол қазір Алматыда тергеу амалдарына қатысып жатыр» деді дереккөзі ақпарат құралына.
Жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі әзірге ақпаратқа түсініктеме бермеді. Бұған дейін Телеграмдағы Yedilov арнасы да дереккөзге сүйене отырып, Мұсайбековтің «жемқорлық күдігіне» ілінгенін жазған.
Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтындағымәліметке сәйкес, Мұсайбеков спорт саласына жауапты болған.
53 жастағы Сәкен Мұсайбеков 2020 жылдың мамыр айында мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалған. Оған дейін 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы болған. Ол бұған дейін де – 2015 жылдың ақпан айы мен 2019 жылдың қаңтар айлары аралығында мәдениет және спорт вице-министрі болған. Премьер-министр сайтындағы ақпаратқа сәйкес, «өтініш бойынша» қызметінен босаған.
Тоқаев қол қойған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 60-бабы 3-тармағына сай, саяси қызметші сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса, бірінші басшы отставкаға кетуге арыз жазуы тиіс.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы