Қазақстанның Экономика министрлігі экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда іске асыратын «Б» жоспары (Ұлттық банк және Қаржы нарығын дамыту агентігімен бірлесе дайындаған) барын хабарлады.
Министр Әсет Ерғалиевтің мәлімдеуінше, дағдарыс күш ала қалған жағдайда, отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында макроэкономиалық тұрақтылықты бір қалыпта ұстап тұруға бағыталған контрциклдік сипаттағы шұғыл шаралар пакеті қолға алынады. Бірақ парламент қабырғасында мәжіліс төрағасы, «Nur Otan» фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жиында көңіл көншіктіруге арналған («Ә» емес) «Б» жоспарының нақты қандай қадамдардан тұратыны туралы жан-жақты таныстырылмады.
Үкіметте толық және парламент құрамының басым орнын иеленген нұротандықтар сайлау алдындағы бағдарламаға сәйкес, кәсіпкерлерге жағдай жасап, 2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес (ШОБ – QT) үлесін 35%-ға дейін жеткізуі тиіс.
Былтыр Қазақстандағы ШОБ үлесі 28,5% көрсеткен, алдыңғы жылы бұл 31,7% болған. Мұндай экономикалық рецессияны Үкімет коронавирус пандемиясының салдары деп санайды.
Тәуелсіз сарапшылар мен экономист мамандар Қазақстанда кәсіпкерлік жүйе әлі жолға қойылмағанын, бизнеске әкімшілік қысымның барын, жемқорлық жайылғанын айтады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел