Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өзінің 39 жастағы ұлы Сердар Бердімұхамедовті вице-премьер қызметіне тағайындады. Бұл туралы Turkmenportal хабарлады.
Ұлын бұл қызметке тағайындау үшін президент үкіметтегі орынбасарларының санын арттырған. Қаулыға сәйкес, бұл қадам министрлер кабинеті мен Қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік кеңес жұмысын жақсарту үшін жасалған. Бұған дейін Сердар Бердімұхамедов Түркіменстанның өндіріс және құрылыс министрі қызметін атқарған. Енді ол елдің Қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік кеңесінің мүшесі атанды.
Президент жаңа вице-премьердің міндеттеріне мемлекеттік және қоғамдық – денсаулық сақтау, білім беру, қаржы және экономика салаларын цифрландыру және инновациялық технологиялар ендіру кіретіні айтылған.
61 жастағы Гурбангулы Бердімұхамедов Орталық Азиядағы табиғи газға бай Түркіменстанды өзіне дейінгі президент Сапармұрат Ниязов қайтыс болған 2006 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келеді.
Түркіменстан билігін сынайтындар мен құқық қорғаушылар Бердімұхамедовтің билікке келгелі өзгеше ойлайтындарды қудалағанын және айтарлықтай өзгеріс жасамағанын айтады. Президент Бердімұхамедовтің жалғыз ұлынан басқа үш қызы бар.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді