Германия билігі корнавирусқа қарсы енгізілген локдаун мерзімін 7 наурызға дейін ұзарту туралы шешімге келді. Қатаң карантиннен кейін елде вирус жұқтыру дерегі бұрынғымен салыстырғанда едәуір азайған.
Локдаун мерзімі аяқталғанша Германияда шектеулер біртіндеп жеңілдетіледі. Мәселен, 1 наурыздан бастап шаштараздар мен мектептер және балабақшалар ашылады. Бірақ салондар бетперде тағу мен әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтауы тиіс. Ал мектептер мен балабақшаларды ашу мәселесін әр аймақ өздері шешеді.
Үкімет отырысында канцлер Ангела Меркель: «Біз індеттің үшінші толқынына тосқауыл қоюмыз керек. Ол үшін вирусты жұқтырғандар санын азайтуға күш салуға тиіспіз. Бұл Денсаулық сақтау министрлігіне жағдайды бақылауда ұстауына мүмкіндік беріп, шектеулерді жеңілдетуге де жол ашады. Дегенмен, ертеңді болжау қиын», – деді.
Германияда желтоқсанның соңында бір күнде 32 мың адам вирусты жұтырып антирекорд орнаса, қазір тәуліктік көрсеткіш 8 мыңға түскен. Нәтижесінде ауруханадалардағы интенсивті терапия бөлімдеріне салмақ азайған. Берлинде оқуды ақпанның 22-сінде бастау жоспарланған.
Қазір әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 107 миллионға жеткен. Антирекорд орнаған мемлекеттер қатарында АҚШ және Еуропаның бірқатар елдері бар.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел