Кеше, 8 ақпан Ақ үйдің жаңа басшысы Байден Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге қоңырау шалып, коронавирусқа қарсы бірлесіп күрес жүргізу, климат өзгерістеріне қарсы шараларды қабылдау туралы сөйлескен. Бұларға қоса қазір жаһандық геосаясатта маңызды бола түскен Үнді-Тынық мұхит аймағындағы қауіпсіздік мәселесі туралы да кеңескен.
Ақ үйдің баспасөз қызметі екі лидер арасындағы диалог мейлінше ашық әрі ауқымды тақырыптар қамтылғанын баса жазған. Байден мен Моди өңірдегі халықаралық су жолдарының ашықтығы және теңіз тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ортақ қадамдар жасау туралы пікірлері бір жерден шыққан. Бұған қоса, «Төрттік диалог» (АҚШ, Аустралия, Жапония және Үндістан арасындағы жоба) арқылы қауіпсіз аймақ құру механизмін жүзеге асыруды ілгерлету туралы да сөз қозғаған.
Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы Қытайдың сын-қатерлеріне қарсы Үндістанмен одақ құру, Үндістан қатысқан «Төрттік диалог» арқылы өңірлік қауіпсіздік механизмін жүзеге асыру жобалары Трамп әкімшілігі кезінде қабылданған болатын. Бұл жобада Америка Құрама Штаттары, Жапония, Австралия және Үндістанның ортақ механизмі Қытайдың барған сайын агрессивті сыртқы экспансиясына жауап ретінде қауіпсіздік саласына қолданылды. Байден Трамптың көптеген саясаттарын сынға алғанымен оның ҮТМА бойынша ауқымды стратегиясының мұрагері болып қалды.
Ақ үй кезекті баспасөз баянында: «Байден мырзаның қадамы Құрама Штаттардың Қытайдың қауіп-қатеріне қарсы күресуде Үндістанды қамтыған өңірдегі одақтастарын күштерін біріктіруге күш салатындығын, сол арқылы одақтастарымыз бен серіктеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көңіл бөлетінін көрсетеді», – делінген.
Қазір, Үндістан мен Қытай қатынасы шекара қақтығысына байланысты қайшылықты күйде тұр. Бұл Құрама Штаттардың Үндістанмен ынтымақтастығын тереңдетуге үлкен мүмкіндіктер жаратуда.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді