Ақ үйдегі президент кабинетіне кіргеннен бері Байден алғаш рет Аустралияның премьер-министрі Скотт Моррисонға қоңырау соққан. Екі елдің лидері телефонда Қытай мен Мьянма тақырыбында ұзағынан талқылаған. Бұл туралы Ақ үй ресми мәлімдеме де таратқан.
Мәлімдемеде айтылуынша, Байден мен Моррисон АҚШ пен Аустралия одағының мығым қуаты мен берік ынтымағы туралы алқасып, бұл одақ Үнді-Тынық мұхиты аймағы мен жаһандық бейбітшіліктің берік негізі болып саналатынын айтысыпты.
Ең маңызысы – екі ел жетекшілері Қытаймен қалай жұмыс істеу керектігін талқылаған. Аустралия премьері сөйлесуден кейінгі мәлімдемесінде Байденмен Қытай мәселесін талқылағанын растаған, бірақ, егжей-тегжейлі ештеңе демеген.
Байден қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы бірнеше күнде Азия-Тынық мұхиты және еуропалық одақтастардың басшыларымен сөйлесіп, олтармен Қытайға қалай бірлесе әрекет етуге болатынын кеңесіп,жалпы мүдделі бірқатар сыртқы саяси басымдықтар бойынша тығыз ынтымақтастықта болуға ниет білдірген болатын. Бұл рет Аустралия да Байден үкіметімен Қытай және басқа да қиындықтармен күресу үшін белсенді ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр