Климат дағдарысы мен экнергия дағдарысы таяу он жылдықтардың басты мәселесіне айналғанын халықаралық қауымдастық ескертуде. Энергия қайнарларына деген қажеттіліктің артуына ілесе климат дағдарысы да арта түсуде. Қазір дамыған елдер парниктік газ шығарындыларынан азайту мен көміртектен біржола құтылудың жолдарын қарастыруда.
Бұған дейін Британияның осы бағытта ірі қадамдар жасағанына куә болғанбыз. Енді Дания үкіметі Солтүстік теңізде өз еліне және Бльгия, Нидерланд пен Германияға электр энергиясын беретін және қоршаған ортаға зияны жоқ жасанды арал жобасын бастады.
18 футбол алаңындай болатын жасанды арал толықтай жел және күн энергиясынан пайдаланып электр қуатын өндіреді. Алғашқы жобаның құны 34 млрд АҚШ долларына бағаланған. Жағалаудан 80 шақырым қашықтыққа салынатын аралдың көлемін болашақта екі есе үлкейту де көзделген.
Дания үкіметі бұны ел тарихындағы ең үлкен құрылыс жобасы деп таныстырған. Солтүстік теңіздегі толассыз жел энергиясы мен күн нұрынан жасыл энергия өндіретін жобаның құрылысы 2034 жылы пайдалануға беріледі. Осылайша, Дания көміртектың ауаға бөлінуін 1990 жылдағымен салыстырғанда 70 пайызға азайту туралы уәдесін орындамақ.
Батыс елдерінің бұл қадамдары болашақ даму критериі мен жаһандық басты тенденция болатынын көрсетеді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер