Бір күн бұрын Британия электр энергиясын өндіру үшін бір грамм да көмір істетпейтін елге айналды. Бұдан он жыл бұрын ағылшын елінде электр энергиясының 40 пайызы көмір арқылы келетін, қазір бұл көрсеткіш 0%-ке түсті.  Осылайша Британияда бу машинасынан басталған ғасырлар бойғы көмір энергиясына тәуелділік тарихы аяқталды. 

Бұған коронавирус пандемиясының да қатысы бар екенін айтсақ сену қиын. Бірақ, пандемия кезінде Британияда электр энергиясына деген сұраныс күрт азайған. Соған сай елде көмірге тәуелді электр станциялары біртіндеп жабыла бастаған. Көмірді жағар зат еткен соңғы электростанция 9 маусым күні түнде жұмысын ресми тоқтатқан.

Көмірге тәуелділіктен арылу тұтас Ұлыбритания жерін толық қамтымайды. Айталық, Солтүстік Ирландия секілді Біріккен корольдікке қарасты өңірлерде әлі де көмірге тәуелді станциялар жұмыс істеп тұр. Дегенмен, соңғы он жыл ішінде Британияның электр энергия саласы үлкен өзгерістерді бастан өткізді. Жыл сайын көмірге тәуелділіктен арылуда жаңа рекордтарды жаратып жатты.

10 жыл бұрын Британияда электр энергиясының бар жоғы 3 пайызы ғана Күн мен жел энергиясынан алынып келді, көпшілік пікірде оның қымбат екенін және өнімсіздігін айтып сынаған. Ал, қазір Біріккен корольдік әлемдегі жел генераторлары ең көп қойылған мемлекет.

Британиялық жекелеген компаниялар бастап бір ғана көмір емес барлық қазба материалдарды жанар зат етуден бас тартуға тырысып жатыр. Carbon Brief басылымының хабарына қарағанда Британияда жылдың алғашқы жартысында пайдаланған электр энергиясының 37 пайызы қайта туындайтын энергия көздерінен, яғни, Күн, жел және су энергияларынан келген. 35 пайызы көмірді мен газды қамтыған қазба байлықтардан келген. Ал, АЭС өндірген энергия 18 пайызын ұстаған, қалған 10 пайыздан астамы импорт етілген.

“The Qazaq Times”