Жапония үкіметі Сенкаку (Дяоюдао) аралдары орналасқан аймаққа кезекті мәрте «халықаралық ережені бұзып, рұқсатсыз кірген» Қытайға наразылық білдіреді. Бұл туралы Жапония министрлер кабинетінің Бас хатшысы Кацунобу Като баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Ресми мәлімдемеде: «6-7 ақпанда орын алған жағдайға байланысты Токио дипломатиялық арналар арқылы Бейжіңге наразылық білдіреді. Біз Сенкаку аралдарының маңындағы аймақты бақылау үшін барлық күш-жігерімізді саламыз, сондай-ақ осы мәселе бойынша ҚХР-ге ескерту жасаймыз», – делінген.
2012 жылдың қыркүйегінде Токио Сенкаку аралдарын жеке меншік иелерінен сатып алу туралы жариялағаннан кейін жапон-қытай арасындағы аумақтық дау күшейе түсті. Осыдан кейін ҚХР-да Жапонияға қарсы бірнеше мәрте демонстрациялар өтті. Содан бері Қытай кемелері үнемі Сенкаку аралдарында жүреді.
1985 жылы империялық Қытаймен соғыста жеңіске жеткен соң, Сенкаку аралдары мен Тайуань Жапония құрамына қосылды. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілгеннен кейін Токио Тайуаньға басшылық ету құқығынан бас тартты. Ресми Бейжің Сенкаку аралдарын да иеленгісі келеді. Алайда, Жапония үкіметі бұл аралдар соңғыс нәтижесінде аннексияланбады дейді.
Екі ел де Сенкаку аралдарының егемендігін талап етеді. Дегенмен тараптар бұрыннан бері ортақ шешімге келе алмаған. Жапония биыл маусымда Сенкаку аралдарының әкімшілік округын «Тонноджо Сенкаку» деп өзгерту туралы қарар қабылдады. Ал Бейжің тарапы аталған құжатты Қытайдың аймақтық егемендігіне жасалған арандатушылық ретінде қабылдап, құжатты заңсыз деп таныған. Сонымен қатар Қытай Сенкаку аралдарын өзіне тиесілі деп мәлімдеген.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы