Ирак үкіметі трансшекаралық өзендер бойынша Түркиямен сәтті келіссөздер жүргізгенін мәлімдеді. Соңғы жылдары Ирактағы құрғақшылық, жауын-шашынның азаюы нәтижесінде су тапшылығы елдегі басты экологиялық мәселеге айналған болатын.
Ирактың Су ресурстар министрлігі елдегі ең негізгі тұщы су қоры саналатын Евфрат пен Тигр өзендерінің су қоры бойынша Түркиямен келіссөз жүргізіп келген. Су ресурстан министрі Али Самир жергілікті басылымда жасаған мәлімдемесінде: «Түркия тарабы Ирактың шекаралық өзендер бойынша құқығының қорғалуына мән беріп, осы бойынша жасалған келіссөздер нәтижелі болды», – деген. Оның айтуынша Түркия үкіметінің Ирактың су ресурстарына қол жетімділігіне мүмкіндік беру ғасырлық мәселелерге оң ықпал етпек.
Сүрия және Ирак елдері Түркиямен болған дипломатияда ең бастысы су ресурстарын пайдалану, шекаралық өзендердегі су қоры мәселесіне тап болып отырады. Өткен ғасырдың соңғы жартысында Түркия мен Сүрия арасында шекаралық өзендер бойынша дау-шарлар болып, қақтығысқа алып келе жаздаған. Шекаралық өзендердің мәселесі ауқымды дипломатиялық қадамдарға да өз ықпалын тигізіп отыр.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау