Түркия Қорғаныс министрлігі «Атмаджа» атты жақын қашықтыққа арналған жаңа зымыранды сәтті сынақтан өткізгенін мәлімдеді. Түрік Қорғаныс министрлігі бұл туралы өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында білдірді.
Түріктің отандық әскери өндірісі өндірген жаңа зымыран су үстіндегі ұрыстарға арналған, кемені қорғау және нысанды жою операцияларын орындайды. «Атмаджа» зымыран сынағын түрік Әскери-теңіз күштеріне тиесілі «Қыналада» атты әскери кемесі жүзеге асырған.
Түрік қарулы күштері ресми парақшасында зымыран сынағының видео және фото дәлелдерін де жария еткен. Ресми мәлімдемеде, «Атмаджа» түрік теңіз күштерінің қуатын арттыра түсетінін айтқан.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр