АҚШ Солтүстік Кореядан келетін қауіпті азайту үшін, Қытайға барынша қысым түсіруге ниетті. Бейжің тарабы Корея түбегін бейбіт жолмен шешуді үміт етіп отыр. «The Wall Street Journal» басылымының хабарына қарғанда, бүгін түстен бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай басшысы Ши Жинпиң телефон арқылы осы тақырыпта тағы бір рет сұхбаттасқан.
Екі ел басшысының Флоридадағы кездесу отырысында Солтүстік Корея мәселесінде толыққанды келісімге қол жеткізе алған жоқ. Оған себеп болған факторларды осыдан бұрынғы хабарларымызда көрсеткен едік. АҚШ қысымы артқан сайын, Қытай билігі өзінің қалыптасқан дәстүрлі салқынқандылығына салып, бейбіт шешуді ұсынып отырып алды. Себебі, Корей түбегінде ұрыс болатын болса, Қытай мен АҚШ арасына орыны толмас сызат түсітіні анық. Ресей ішкі-сыртқы жанжалдар, Сүрия және НАТО мәселесімен әбігер болып жатқанда, тікелей өз мүддесіне саймаса Шығыс Азияда Қытайдың жақтасы болуы да екі талай.
Кешегі күні Трамп Солтүстік Кореяға қатысты бірнеше мәселеде Қытайға насихат жасайтынын айтқан болатын. Қытайдың CCTV (Қытай Орталық Телевизиясы) хабарына қарағанда, Ши Жинпиң Қытай тарабының Солтүстік Кореяны қарусыздандыруға табанды болатынын, алайда тараптардың Корей түбегіндегі мәселені бейбіт жолмен шешуге насихаттайтынын, АҚШ тарабында түбектегі байланыс пен үйлестіруге шақыратынын айтқан.
“The Qazaq Times”


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау