«Қызыл аймақтағы» Алматыда карантин талаптары күшейтіледі. Бүгін Алматы қалалық бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің карантиндік шектеулерге қатысты жаңа қаулысы шықты. Бірінші ақпанда күшіне енетін құжатқа сәйкес коронавирустық инфекцияның барлық нысандарындағы науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылады.
Сонымен қатар Алматыдағы сауда орталықтарының жұмысы демалыс күндері шектеледі.
Жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін СОСО, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметі шектеліп, сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салынады. Сенбі және жексенбі күндері тыйым салумен жабық базарлардың жұмысын сағат 17:00-ге дейін, жексенбі күндері тыйым салумен ашық базарлардың жұмысын шектеледі.
Ал қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін шектелсе, СОСО мен сауда үйлерінде орналасқан қоғамдық тамақтану объектілері мен фудкорттар 7:00-20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Бұдан бөлек сауналар, СПА-орталықтар, бассейндердің күнделікті жұмысын сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін шектей отырып, сенбі-жексенбі күндері қызметіне тыйым салынады.
Технологиялық процесс жұмысшылардың жұмыс орнында және қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен объектілердің болуын болжайтын өнеркәсіптік, құрылыс және өзге де ұйымдарды қоспағанда, қызметкерлерінің саны 20 және одан көп адам болатын ұйымдар жұмысшыларының 80%-ы қашықтан жұмыс режиміне көшіріледі.
Ұжымдық іс-шараларды (намаз және Құдайға құлшылық ету) өткізбей діни объектілердің қызметіне рұқсат етіледі 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға баруға рұқсат беріледі.
27 қаңтарда Қазақстанда ПТР тесті оң шыққан тағы 1 413 адам тіркелді. 83 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Сәрсенбіде 16 адамның қайтыс болғаны хабарланды: 11 адам - коронавирустан, 5 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 182 530 адамға жетті. 164 319-ы жазылған. Өткен тәулікте 1 163 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 521 адам қайтыс болған.