Швейцарияның Давос қаласында ұйымдастырылатын Дүниежүзілік экономикалық форум биыл онлайн түрде өтіп жатыр.
Форумда Ресей президенті мәлімдеме жасауы керек. Бірақ Владимир Путиннің бұл шараға қатыспағанына 10 жылдан асып кеткен. Соңғы рет ол 2009 жылы премьер-министр ретінде басқосуға қатысқан
Биылғы шараның басты тақырыптарының бірі – коронавирус пандемиясымен күрес және оның әлемдік экономикаға әсері.
Бүкiләлемдiк экономикалық форум халықаралық әрiптестiктi дамыту мақсатында ұйымдастырылады. 1971 жылы құрылған форумға 1000-нан астам iрi компаниялар мен әлем мемлекеттерi мүше.
Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) жыл сайын, 1979 жылдан бастап «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы баяндама» (Global Competitiveness Report) жариялайды. Баяндаманы профессор Клаус Шваб және Ксавье Сала-и-Мартиннің жетекшілігімен халықаралық сарапшылар тобы дайындайды.
Қазіргі уақытта рейтинг осы саладағы ең беделді кешенді зерттеулер қатарында. 2004 жылдан бастап баяндамада «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» (Global Competitiveness Index, GCI) негізінде барлық мемлекеттердің рейтингісі келтіріледі. Қазақстан 2006 жылдан бастап аталған рейтингтер тізіміне енген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел