Бүгіннен бастап Алматы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өтті.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 24 қаңтарда елде ПТР тесті оң шыққан 1 480 адам тіркелді. 16 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталған.
«Қызыл» аймақта Аастана, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан бар.
Ал «сары» аймақта Қарағанды, Алматы облыстары, қалған барлық өңірлер «жасыл» аймақта.
Денмин өткен жылдың қарашасынан бастап коронавирустың таралу қарқыны бойынша аймақтарды үш түрге бөледі. Бір аймақтан екінші аймаққа көшу R репродуктивті санына, сондай-ақ бір аптада 100 мың тұрғынға шаққандағы аймақтағы кейстерге байланысты анықталады.
«Жасыл» аймақ вирустың таралу қарқыны төмен және карантиндік шектеулерді жеңілдетуге болатындығын көрсетеді; «сары» аймаққа өту карантинді сақтауды, ал «қызыл» аймақ – шектеу шараларын қатаңдатуды талап етеді.
Айта кетейік, Қазақстан билігі 1 тамыздан бері пневмонияның Covid-ке ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек тіркеп келеді. Содан бері 47 437 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 555 адам қайтыс болған. 35 мыңнан астамы жазылған.