Араб елдері арасындан Біріккен Араб Әмірлігі F-35 ұшақтарына ие болатын алғашқы ел болмақ. Трамп үкіметі билікті өткіздіп беруден бұрын БАӘ-нің осы жөніндегі өтінішін мақұлдаған.
Әлемдегі ең озық соғыс ұшағы саналатын F-35-ті Құрама Штаттар, Канада, Британия, Түркия секілді елдер бірлесіп өндіреді және оны тек санаулы елдер ғана пайдалана алады. Дегенмен, Трамп үкіметінің тұсында аталған озық ұшақтардың пайдалану көлемі кеңейгендей болды. Солардың қатарында Біріккен Араб Әмірлігінің F-35 ұшақтарын сатып алу талабы АҚШ тарабынан мақұлданды.
Біріккен Араб Әмірлігі АҚШ-тың шығанақ маңындағы маңызды одақтастарының бірі саналып келген. Бірақ, көп жылдар бойы АҚШ-тан F-35 ұшақтарын сатып алу өтінішін қанағаттандыра алмай келген. Былтыр БАӘ Израильмен бейбіт қарым-қатынас орнатқаннан кейін Құрама Штаттарға қойған бұл талабы орындалып отыр.
БАӘ-ның F-35 ұшақтарына қол жеткізуі мүмкін екенін екі ел үкіметтеріндегі сенімді ақпарат көздеріне сүйене отырып Рейтер агенттігі хабарлаған болатын. Хабарға қарағанда АҚШ тарабы бекіткен сауда бойынша БАӘ 50 F-35 ұшағымен қоса 18 ұшқышсыз ұшақтарды сатып алады.
Дегенмен, сарапшылардың болжауынша, келісімді міндетін жаңа бастаған Байден үкіметі қайта қарауы да мүмкін.