Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті. Сайлауда жеңіске жеткен Садыр Жапаров премьер-министр қызметін тапсырды.
Мәліметтер блйынша, Жапаровтың ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді. Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, енді Садыр Жапаровқа президент ретінде тағайындалғаны туралы арнайы куәлік беріп, төсбелгі мен штандарт табыстайды.
5-6 қазандағы оқиғалардан кейін Қырғызстанда жаңа үкімет жасақталып, оған Садыр Жапаров жетекшілік етіп келді. Дегенмен ол президенттік сайлауда жеңіске жеткендіктен, оның өкілеті тоқтатылды.
Биыл 10 қаңтарда Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы мен референдум өтті. Сол күні азаматтар президенттік басқару формасын таңдады. Мемлекет басшысы лауазымына 17 үміткер болды. ОСК ақпарат бойынша, деректерді өңдегеннен кейін Садыр Жапаров учаскелердің 79%-дан астам дауыс жинады. Сайлаушылардың 80%-дан астамы президенттік басқаруды қолдады.
Қырғызстанда президент алты жылға бір-ақ мерзімге сайланады. Алайда бұрынғы президент Сооронбай Жээнбеков қазандағы халық толқуынан кейін биліктен ерте кетуге мәжбүр болды. Үш жылға таяу президент болған оның тағы да үш жылдан аса мерзімі қалған еді. Парламенттік сайлаудан кейін болған қақтығыстар кезінде 11,5 жылға сотталған Жапаров түрмеден босатылған. Кейіннен ол күтпеген жерден наразылық акцияларының жетекшісі, содан кейін премьер-министр және президенттің міндетін атқарушы болды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы