Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2 миллионнан асса, вирус жұқтырғандар 95 миллионға жетті. Осыған байланысты БҰҰ Бас хатшысы вакцина тарату мәселесінде ынтымақтасу қажет деп дабыл қақты.
Дамыған мемлекеттер вакциналарға тез қол жеткізсе, әлемдегі ең кедей елдерде екпе тарату қиын. Кейбір мемлекеттер астыртын келісім жасап, вакциналарды артығымен сатып алған.
Гуттериш ресми мәлімдемесінде: «Вакцина өндірушілер жауапкершілікті сезініп, COVAX механизмімен және бүкіл әлемдегі елдермен бірлесіп, вакциналарды қажетті мөлшерде жеткізіп, дұрыс тарату үшін жұмыс істеуі керек. Бір-бірімізді қорғау үшін қарапайым және дәлелденген нәрселерді есте сақтайық: маска тағу, физикалық қашықтықты сақтау және көпшіліктен аулақ болу. Біздің әлем бұл вирусты бірлесіп әрекет еткенде ғана жеңе алады», – деді.
Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның екінші жылы біріншісінен ауыр болуы мүмкін деп болжам жасаған. Бұған Ұлыбританиядан анықталған мутацияланған вирустың тез таралуы себеп. Ресми мәліметтер бойынша, вирус адамдар арасында 70%-ға тез тарайды. Бірақ қауіптілігі жағынан бұрынғы түрінен ерекшеленбейді. Жаңа штамм алдыңғы коронавирусқа қарағанда адамдарға тез жұғатыны анықталған. Әлемнің көптеген елі корольдікпен әуе қатынасын тоқтатып, бұл елдерден келген адамдарды қатаң тексеруге кірісті .
Әзірге «Британдық» вирус нақты осы елде өзгеріске ұшыраған ба, ол да белгісіз. Оның осы елде иммунитеті әлсіз, вируспен күресуге дәрменсіз науқастың ағзасында пайда болғанын немесе болмаса сырттан келгенін әлі ешкім анықтаған жоқ.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді