АҚШ-та республикалықтар мен демократтардың Конгрестегі орындар үшін күресі жалғасып жатыр. Бүгін Джорджия штатында аяқталатын сайлау қорытындысы АҚШ Сенатын бақылау үшін шешуші қорытынды болмақ.
Себебі Джорджия штатында өтіп жатқан сайлаудың қорытындысы бойынша Сенаттың қай партияға бұйыратыны анықталады. Әзірге жоғары палатадағы 100 орынның 48-і демократтардың еншісінде болса, 50-і республикалықтарда.
Сенатта демократтық партияның басымдыққа ие болуы үшін кем дегенде екі дауысты алуы тиіс. Егер демократтар жеңіске жетсе, елдің келесі вице-президенті Камала Харис қосымша дауысымен демократтарға басымдық бере алады. Ал республикандықтар бір дауыспен-ақ жеңіске жете алады. Егер Сенат республикалықтардың еншісінде кетсе, Байден әкімшілігінің уәде еткен бағдарламаларын жүзеге асыруда қиындықтар туындауы мүмкін.
Сәрсенбі күні таңертең Джорджияның 159 округінде 98% дауыс есептелген. Дауыс берудің ресми нәтижелері бүгін белгілі болмақ. Экзит-пол Джорджия сайлаушыларының шамамен 49%-ы республикашыларды, ал 48%-ы демократтарға дауыс береді деген болжам жасады.
Қазіргі республикалық сенаторлар Келли Леффлер мен Дэвид Пурдю демократтар Джон Оссофф пен Рафаэль Варнокқа қарсы Сенаттағы орындар үшін күресуде.
Яғни Ақ үйдің жарлықтары мен бұйрықтарының мұндай ережесі негізінен сыртқы саясатпен шектеледі және Байденге Трамптың Иранмен ядролық келісімнен немесе Париждегі климаттың өзгеруі туралы келісімнен шығу сияқты кейбір шешімдерін қайта қарауға мүмкіндік береді.