Бүгінгі көрсеткіш бойынша астана жұқтыру қаупі жоғары саналатын «қызыл» аймаққа енгені хабарланды. Қазақстанда 9 желтоқсан 777 адам коронавирусқа, 8 желтоқсан 159 адам коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталған.
Коронавирус ПТР тесті арқылы табылған жаңа кейстердің ең көбі – астана (121), ШҚО (99), Павлодар (98), Алматы қаласы (74), Қостанай (73), СҚО (72), СҚО (68) облыстарында. ДенМин-нің ресми мәліметінше, емделіп жатқан 13 832 науқастың 3762-сі ауруханада. Тағы 10 070 адам амбулаторлық терапияда. Олардың арасында 1004 бала емделіп жатыр. Қарашаның соңғы декадасынан бері ауырып жатқан балалар күрт көбейді. 1 қыркүйектен бері ауырған кемінде 2539 оқушыға коронавирус диагнозы қойылған.
Ахуалы нашар 230 науқастың арасында 41 адамның жағдайы қатты қиындаған. Және 44 сырқат өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстап жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің бейсенбідегі мәліметінше, қалада репродуктивтік өлшем R саны елордада 1,25-ке жеткен. Апталық есепке сай, 100 мың адамның 51-і ауырған. Бұл елдегі ең жоғары деңгейде.
Сонымен қоса, Павлодар облысы «қызыл аймақта» тұр. СҚО, ШҚО, Қостанай, Ақмола, Атырау облыстары мен Алматы қаласындағы эпидемия ахуалы «сары аймақта».
Басқа өңірлер жасыл аймақта. Қазақстан тұтасымен алғанда «сары аумақ» деңгейіне өткен.
9 желтоқсан денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар-дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың шарықтау кезеңі туралы жаңа болжамын бөліскен. Оның айтуынша, екінші толқынның шарықтау кезеңі 2021 жылдың қаңтар және ақпан айларына сәйкес келеді.