Еуропаның бірқатар мемлекеттері вирустың алдын алу үшін вакцинациялауға дайындық бастады.

Германия Денсаулық сақтау министрінің мәлімдеуінше, дертке қарсы екпе егу жыл аяғына дейін басталуы мүмкін. Осы мақсатта ел аумағында екпе жасайтын 400 орталық құрылады.

Билік өкілдері вакцина тегін болатынын жариялады. Оны сатып алуға, жеткізуге және орталықтарды жабдықтауға барлық шығын мемлекет тарапынан бөлінеді. Егер күн сайын 100 мың екпе жасалатын болса, 15 миллион адамға вакцина егу үшін 5 айдай уақыт кетеді.

Сарапшылардың пікірінше, Германияда індеттің таралуына тосқауыл қою үшін халықтың 70%-ына вакцина егілуі тиіс. Алайда екпе жасауға ешкімді мәжбүрлемейді. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей немістердің 53%-ы вакцинаға қарсы емес.

Кеше Ұлыбритания мәліметінше, Ұлыбритания америкалық Pfizer және BioNTech компанияларының коронавирусқа қарсы бірлесіп жасаған вакцинасына рұқсат берді. Елдің Денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок халықты вакцинациялау келесі аптада басталатынын және екпенің 40 миллион дозасына тапсырыс берілгенін хабарлады.

Италияда екпе тегін әрі ерікті салынатын болды. Елдің Денсаулық сақтау минситрі Италия билігі 202 млн доза сатып алуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл 60 млн-нан астам адам тұратын елге артығымен жетуі тиіс. Сондай-ақ министр Рождество мен Жаңа жылды атап өту кезінде жүріс-тұрысты шектейтін жаңа ережелер әзірленіп жатқанын ескертті.

Мәлімет

Pfizer – BioNTech вакцинасы Дәрілік заттар мен медициналық құрылғыларды бақылау жөніндегі басқармасымен (MHRA) мақұлданған. Еуропа комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, сатып алынады деп жоспарланған 300 млн дозаның бағасы – 4,6 млн еуро.

Аталған екпелерден басқа, тағы бірнеше компания вакциналарын тіркеуге және өнеркәсіптік өндірісті бастауға дайындалып жатыр. Бұған дейін әлемде екі вакцина клиникалық сынақтың соңғы үшінші фазасын аяқтаған. Қазір басқа он екпе сынақтың соңғы кезеңінен өткізіліп жатыр. Сынақтан сәтті өтіп, коронавирусты емдеуде 90%-дан артық дәлдік көрсеткен вакциналар қатарында Pfizer, BioNTech фармацевтикалық компаниясы жасаған екпе және америкалық Мoderna екпесі бар.

"The Qazaq Times"