G20 саммиті келесі жылы 30-31 қазанда Римде өтеді. Бұл туралы Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте хабарлады. Жетекші экономикалық державалар тобына келесі жылы төрағалық ететін Италияның ұраны – «Адамзат. Планета. Өркендеу» деп бектілді.
Конте Twitter-дегі парақшасында: «Көшбасшылардың қорытынды саммиті 30-31 қазанда Римде, Италияның астанасында өтеді. Онда біз жылды қорытындылаймыз», – деді Конте.
Шағын жолдауында Конте тұрақты және тең дамуды қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ жаңа қауіп-қатерлерге, санитарлық дағдарыстарға қарсы тұруды қамтитын жобалар талқыланатынын айтты.
Киджи мемлекеттік сарайының баспасөз қызметі 3-4 мамырда Римде мәдениет және туризм министрлерінің форумында G20 елдерінің СІМ өкілдері бас қосатын жиынның кестесі жариялады.
Мәліметтер бойынша, СІМ басшыларының кездесуі 28-30 маусым аралығында Матерада;
Экономика министрлерінің кездесуі 9-10 шілдеде Венецияда;
Қоршаған орта және энергетика министрлерінің кездесуі 22-23 шілдеде Неапольде;
Денсаулық сақтау министрлерінің кездесуі 5-6 қыркүйекте Римде;
Ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуі 19-20 қыркүйекте Флоренцияда жоспарланып отыр.
Жақында «Үлкен жиырмалық» тобының төрағалығы Сауд Арабиясынан Италияға өтті. Негізі 2021 жылы Үндістан, ал 2022 жылы Италия төрағалық етуі керек еді. Бірақ 2018 жылы Конте Нью-Делидің өтініші бойынша төрағалық етуге келісті. Себебі 2022 жылы Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдық мерейтойы атап өтіледі.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы