Францияда «Жаһандық қауіпсіздік туралы» заң жобасына қарсы демонстрация кезінде зардап шеккен полиция қызметкерлерінің саны 98-ге жетті. Жұрттың наразылығын туғызған мәселе – биліктің полиция құзіретін кеңейтіп, журналистер құқығын шектеуі.
28 қарашада өткен митингте Парижде қарсылық акциясына 46 мың адам, ел бойынша 133 мың адам қатысқан. Полиция мәліметінше, Парижде бірнеше жерге өрт қойылған, көліктер мен киоскілер өртенген. Акция қатысушылары мен полиция арасында қақтығыс болып, 37 полицей жарақаттанған, 9 манифестант ұсталған.
Наразылар заңның 24-бабына қарсы шеруге шыққан. Бұл бап қызметтік міндетін атқарып жатқан полиция қызметкерлерін суретке түсіруге тыйым салады. Бұл заңды қазір Франция парламентінің төменгі палатасы – Ұлттық ассамблея мақұлдап, Сенатқа жіберілген.
24-бап аясында қызметтік міндетін атқарып отырған полицейлердің суретін жеке басына қол сұғу мақсатында жариялау не тарату бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуға және 45 мың евро (53 мың доллар) айыппұлға әкелуі мүмкін.
Республиканың Ішкі істер министрі Жеральд Дарманен: «Қорытынды мәліметтер: полиция мен жандармдардың арасында 98 адам жарақат алды. Мен оларға толық қолдау білдіремін. Бұл зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдар жауапқа тартылуы керек», – деп мәлімдеді.
Сенбіде Францияның 70 қаласында «Жаһандық қауіпсіздік туралы» заң жобасына қарсы наразылық акциялары өтті, оның ережелері полиция мен жандармерия қызметкерлерінің фото және видео түсірілімдерін жүргізуге тыйым салады. Бұқаралық шерулердің ұйымдастырушылары қатарында журналистер кәсіподақтары, «адам құқықтарын қорғау лигасы» және басқа да қоғамдық бірлестіктер бар.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?