Еуропалық одаққа мүше 27 елдің басшылары 10-11 желтоқсанда саммит өткізбек.
Саммитте олар Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды 6 айға ұзарту туралы шешім қабылдайды. Қатаң қаулылар мерзімі 2021 жылдың қаңтарында аяқталады.
Сонымен қатар жиында Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Эммануэль Макрон Минск келіссөзін талқыға салмақ. Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель: «Желтоқсанда өтетін саммит барысында Жерорта теңізінің шығысы мен Ресейге қарсы санкцияны талқылауды жоспарлап отырмыз. Оған дейін аймақтағы жағдай жіті қадағаланып, тараптардың әрекеті үнемі бақылауда болады», – деді.
Сонымен қатар ЕО елдері басқосуда Ұлыбританиямен сауда келісімшартын бекітуі керек еді. Алайда тараптар тағы да ортақ шешімге келе алмады. Кездесуде өзге де сыртқы саясат мәселелері мен Еуропадағы коронавирус індеті талқыланды.
Басқосудың басты тақырыбы – Еуроодақ пен Біріккен Корольдік байланысы. Сарапшылар Еуроодақ келісмшартсыз сценарийге де дайындалу қажет дейді. Осы мақсатта Одақтың бас мәмілегері Мишель Барнье Лондонға тағы сапар шегеді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел