Жақында Қырғызстан халқы орыс тілін ресми мәртебесінен алып, оның орнына ағылшын тілін енгізуді талап еткен. Осыған байланысты Қырғызстан президенттігіне үміткер Садыр Жапаров бұл мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Жапаров өзінің Facebook парақшасында: «Ұсыныс мүлде дұрыс емес. Орыс тілі – БҰҰ трибунасында қолданылатын алты тілдің бірі. Сонымен қатар, бұл халықтарды біріктіретін және біз ғасырлар бойы қолданып келе жатқан тіл. Орыс тілі міндетті түрде ресми тіл болып қалуы керек», – деп жазды.
2020 жылы қазанда Ресейдің Қырғызстандағы елшісімен кездесу кезінде сол кезде президент міндетін атқарушы премьер-министр Сапар Жапаров «мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ» деген болатын.
26 қарашада Конституциялық Кеңестің мүшесі Садирдин Торалиев орыс тілін республикадағы ресми тіл мәртебесінен айыру туралы бастама көтерді. Бірақ бұл бастаманы алқалы органның қалған 79 өкілі қолдамаған жоқ.
Қырғызстандағы мемлекеттік тіл – қырғыз тілі, ал орыс тілі ресми мәртебеге ие. Бұл норма Республика Конституциясында бекітілген.
10 қаңтарда Қырғызстанда президенттік сайлау өтеді. Осыған байланысты 14 қарашада Садыр Жапаров сайлауға қатысу үшін ел президентінің және премьер-министрінің міндетін атқарушы қызметінен кетті.
Сонымен бірге Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум өткізу жоспарланып жатыр. Қазіргі уақытта президент лауазымына 47 адам үміткер болып отыр.
Елде жаңа Конституция жобасы қоғам талқылауына 17 қарашада шығарылған. Құжат президенттің өкілеті мен рөлін айтарлықтай арттырады. Егер түзетулер мақұлданса, Қырғызстан іс жүзінде қазіргідей парламенттік емес – президент басқаруындағы республикаға айналады. Бұған қоса, құжат авторлары Халық құрылтайы атты консультативтік, үйлестіруші жаңа орган құруды ұсынып отыр.