Түркиядағы сапарын аяқтаған АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео кеше түнде Грузия орталығы Тбилисиге жетті. АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарында Помпое Грузия үкімет жетекшілерімен кездесуде елдің аумақтық тұтастығын қолдайтынын айтқан.

Помпеоның Грузия сапары екі апта бұрын өткен парламент сайлауына байланысты оппозиция мен билік арасындағы қайшылықтың асқынған тұсында болды.  Бұл сайлау сондай-ақ, осы бір шағын ғана Кавказдық елдің Мәскеу мен батыстық одақтастары арасындағы елдік саяси таңдау ретінде қаралуда.

Помпео Грузияның премьер-министрі, президенті және СІМ басшысымен кездескен. АҚШ Мемлекеттік департаменті Помпео сапары туралы мәліметінде, Құрама Штат тарабы Грузияның Еуропа елдерімен ынтымақтастықты тереңдетуіне қолдау көрсететінін айтқан. «Америка Құрама Штаттары Грузияның халықаралық деңгейде мойындалған шекаралары шегінде егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайды және Ресейдің 2008 жылы Грузия аумағын басып алғанын айыптайды», – делінген хабарламада.

Сапар жоспарына байланысты Помпео Түркияның орталық қаласына барған жоқ, тек Стамбулда бірқатар маңызды кездесулерден кейін Грузияға жол тартқан.  Сондай-ақ, Помпеоның Стамбулға қысқа сапары көптеген дипломатиялық мәселелерге байланысты АҚШ пен Түркия арасындағы келіспеушіліктермен сәйкес келді. 20-дан астам жергілікті тұрғын бейбіт наразылық акциясын өткізді. Помпео Стамбулда Рүстем Паша мешітіне барған, ол қысқа сапары барысында Түркия мен оның айналасындағы діни мәселелерді талқылады және Құрама Штаттардың діни бостандықты қолдайтынын баса көрсетті.

Помпео Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен алдағы НАТО жиынында кездесетінін Мемлекеттік департамент хабарлаған. Өздеріңізге мәлім, Түркияның ресейлік зымыранға қарсы жүйелерін сатып алғанына байланысты АҚШ пен НАТО-ның алаңдатып отыр. Алдағы НАТО жиынында бұнымен қоса Таулы Қарабақ мәселесі қаралады деп күтілуде.

“The Qazaq Times”