Жаңа оқу жылы басталғалы бері Қазақстанда 241 мұғалім мен 1042 оқушыдан коронавирус анықталған.
Ауырғандардың арасында 302 оқушы кезекші сыныптарда білім алған. Бүгін ОртКом брифингінде денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің бастығы Айжан Есмағамбетованың хабарлауынша, коронавирус жұққан оқушы мен мұғалім елдің барлық аймағынан табылған.
«1 қыркүйек пен 16 қараша аралығында кезекші сыныпқа барып жүрген 302 оқушыдан коронавирус анықталды. Бір баладан вирус пневмониясы табылды. Қазір 456 бала емделіп жатыр. Оқу жылының басынан бері мектеп қызметкерлерінің арасында 241 жағдай тіркелді», – деді комитет жетекшісі.
Жауапты мамандардың сөзіне сенсек, қазір әр жағдай бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп, вирус жұққан адаммен байланыста болғандар анықталып жатқан көрінеді.
Пандемия себебінен дүниежүзілік денсаулық сақтау саласында жарияланған төтенше жағдайдың салдарынан көптеген елдер сияқты Қазақстанда да оқушылардың көбі қашықтан білім алып жатыр. Дерттің таралу қаупі төмен өңірлерде бастауыш сыныптар мен сыйымдылығы 300 оқушыға дейінгі мектептер дәстүрлі форматта оқыта бастаған.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы