Дүниежүзілік денсаулық сақтау өткен аптада әлем бойынша коронавирусқа шалдығушылардың рекордтық санын тіркеді.
Халықаралық ұйым ұсынған мәлімет бойынша, бір апта ішінде дерттен 40 мыңға жуық адам көз жұмған. 19-25 қазан аралығында 2,8 млн COVID-19 анықталған. Бұл – пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш.
COVID-19 жұқтырудың жаңа деректерінің басым бөлігі Еуропа мемлекеттерінде тіркеліп жатыр. Бір апта ішінде Еуропада 1,3 миллионнан астам адам коронавирусқа шалдыққан. – алдыңғы аптадағы көрсеткіштен 33% -ға көп.
Коронавирус жұқтырудың апталық өсімі бойынша алғашқы бестікте Францияда (217,7 мың), Ұлыбритания (148,5 мың), Ресей (114,5 мың), Италия (101,9 мың) және Бельгия (90,8 мың) тұр.
Францияда бір күнде 30 мыңнан астам адамнан вирус анықталып, мемлекет 1 желтоқсанға дейін оқшаулау режиміне көшті. Германия билігі де ішінара локдаун енгізіліп жатыр. Енді мұнда бір ай бойы ел аумағы бойынша барлық театр, кинотеатр, фитнес-орталықтары мен сән салондары жұмысын тоқтатпақ. Қоғамдық тамақтану орындары мен қонақүйлер де жабылатын болады. Табысынан қағылған кей шағын компанияларға Үкімет қаржылау демеу көрсетпек. Яғни шығынының бір бөлігі өтелетін болады. Өтемақыны жұмысшы саны 50-ден аспайтын кәсіпорындар алады. Бұл шараға Германия билігі қазынадан 10 млрд еуро бөлмек.