Ресей президенті Владимир Путинның айтуынша Таулы Қарабақтағы шайқаста жалпы саны 5 мың адам қаза тапқан. Бұл Әзірбайжан мен Армения таратқан мәліметтен әлде қайда көп.
«Екі тарапта теңдей адам шығыны болуда. Екі тарапта теңдей 2 мыңнан астам адам жоғалтты. Қарабақта жалпы саны 5 мыңға жуық адам қаза тапты», – деген РФ президенті. Ол сондай-ақ, қос тараппен күніне бірнеше рет байланыс жасап тұрғанын, бұндай жағдайда біртарапты қолдау көрсету үлкен қателік болатынын айтқан.
Арменияның Ресей де, Қазақстанда мүше болып отырған Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт ұйымында екені белгілі, бұған қоса армян жерінде Ресейдің әскери базасы да орналасқан. Алайда, көптеген сарапшылардың пікірінше Ресей үшін Арменияны біртарапты қолдау тиімсіз. Бұл онсызда әзер тұрған ҰҚШҰ-ның ыдырауына алып келеді. Сондықтан да, Кремль Түркияның Әзірбайжанды қолдауына наразы.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес