Сейсенбі күні, 10 қыркүйекте Қазақстанда 77 адамнан коронавирус, 353 адамнан пневмония анықталған. Қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде коронавирус пен оның пневмониялық түрін қоса есептегенде 4 мыңдай ауру жағдайы, 88 өлім оқиғасы тіркелді.
ДенМин дерегінше, ауру жағдайының ең көбі үшінші күн қатарынан Шығыс Қазақстан облысында 19 адамнан табылған.
Қазіргі таңда 4 596 адам емделіп жатыр. Оның 2523-і стационарда, 2073-і амбулаторияда.
Жағдайы қиын 137 науқастың 25-сінің ахуалы қатты нашарлаған. Сондай-ақ, 28 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Сонымен қоса, сәрсенбі күні коронавирус пневмониясына шалдыққан 353 адам тіркеліпті. Бірақ олардың қаншасы қай аймақтан екені белгісіз. ПТР тесті теріс шыққанымен, коронавирус салдарынан асқынған ақөкпе ауруының аймақтарға таралу дерегін тұрақты түрде жариялауға уәде еткен министр Алексей Цой да, оның көмекшісі, ведомствоның ресми өкілі Бағдат Қожахметов те сөзінде тұрған жоқ. Әлі күнге дейін коронавирус пневмониясының өңірлердегі динамикасын біле алмай келеміз.
Елде коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталғандар 106 мыңнан асып, ақөкпеге асқынғандары 29 мыңға жуықтады.
Министрлік мәліметінше, өткен аптада (31 тамыз-6 қыркүйек) 46 адам коронавирустан, 27 адам коронавирустық пневмониядан қайтыс болған. Пандемия басталғалы жалпы жиыны вирус жұққандардың 2,5 мыңнан артық қазақстандық (КВИ+ / U07.1 – 1656, КВИ- / U07.2 – 318, ілеспе аурулардан – 556) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінген 556 адамды жалпы статистикаға қосып есептемейді. Сарапшылар бұған қарсы. Олардың айтуынша, коронавирустың жанама әсерінен қайтқандардың жартысынан астамының себебі қан айналымы жүйесінің аурулары болғандықтан, оған инфекция дерт қоздырушы фактор ретінде өлімге әкеп соқтырған.

















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр