Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің Twitter парақшасына хакерлік шабуыл жасалды деп хабарлады NDTV телеарнасы.
Хакерлер «narendramodi_in» аккаунтына қол жеткізіп, Үндістан үкімет басшысы құрған Ұлттық көмек қорына криптовалюта түрінде қайырымдылық жасау туралы жазба жариялап, өтініш білдіргені белгілі болған.
Twitter өкілі «Біз бұл әрекеттен хабардармыз және біз бұзылған парақша үшін шаралар қабылдадық, істің барысын зерттеп жатырмыз. Қазіргі уақытта біз тағы қандай парақшаларға зиян келтіргенін білмейміз», - деп мәлімдеді.
16 шілдеде хакерлер АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Демократ өкілі Байденнің Twitter-дегі аккаунтын бұзғаны белгілі болатын. Сонымен қатар, Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск, Майкрософттың негізін салушы Билл Гейтс, Амазонканың иесі Джефф Безос, қаржыгер Уоррен Баффет және АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама қатарлы танымал тұлғалардың парақшалары осыған дейін кибершабуылға ұшырады.
Белгісіз хакерлердің заңсыз әрекеттері нәтижесінде Twitter әлеуметтік желісінің 130-ға тарта аккаунты бұзылды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел