BBC агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тағы Республикалық партияның тікелей эфирде өткізілген съезінде Дональд Трампты ел президентігінен үміткер ретінде ресми түрде ұсынылды. Партияның съезінде Трампқа 1276 дауыс берілді. Бұл Ақ үйдің қазіргі иесін сайлауда кандидат ретінде ұсынуға жеткілікті көрсеткіш.
Биыл пандемияға байланысты Америкадағы сайлауда дауыс беру пошта арқылы жүргізілмек. Бұл да әр штаттың заңына байланысты өзгереді: Техаста тұрғындар арнайы өтінім толтырса, Калифорния, Юта, Невадада дауыс беруші ретінде тіркелген барлық азаматтың мекен жайына бюллетендер жіберіледі.
Қарашада өтетін президент сайлауына қатысты республикалықтар мен демократтар арасында бірнеше дау туған. Қазіргі президенттің сайлау күнін кейінге шегеру туралы ұсынысы сынға ұшырады. Оның ойынша, «пошта арқылы дауыс беру жүргізілсе, сайлау әділетсіз болуы мүмкін. Сол себепті белгіленген датаны өзгерту керек».
Негізінен АҚШ Конституциясына сай президенттік сайлауды кейінге қалдыруға тек Конгрестің ғана уәкілеттілігі бар. Сонымен қатар Құрама Штаттардың үш федералды заңы дауыс беру күнінің өзгермейтінін шегелеп ескерткен. Негізгі дата – қарашаның алғашқы сейсенбісі. Бұл – тарихта 1845 жылдан бері қалыптасқан ереже.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр