Оңтүстік Корея билігі ел халқына коронавирус індетінің қайталай өршуі мүмкін екенін ескертті. Соңғы бірнеше күнде елде індет жұқтырғандардың саны күрт жоғарылап кеткен.
17 тамыз Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған 197 адам тіркелген, қатарынан төртінші күн жүздеген адам инфекция жұқтырған, алдыңғы айлардағы күніне ондаған адаммен салыстырғанда өскенін хабарлады.
Індеттің жаңа толқыны ел халқының басым көбі жасап жатқан орталық қала Сеулдің көптеген аудандарынан байқалуы ел билігі мен денсаулық сақтау саласының мамандарын қатты алаңдатып отыр. Оңтүстік Кореяда Тэгу қаласында індет жағдайы ауыр болды, алайда Сеулмен салыстырғанда халық саны аз және індеттің таралуын тез арада тоқтатуға мүмкін болған еді.
Оңтүстік Корея үкіметі жаңа тіркелген жағдайлар көктемдегі індет кезімен салыстырғанда аз болғанымен, індеттің жаңа толқыны аса қауіпті екенін ескертуде. Вирус шіркеулер, мейрамханалар және өзгеде адамдар көп жиналатын орындардан табылып жатуы да алаңдатады.
Кореяның денсаулық сақтау тараулары індеттің кезекті толқыны алғашқы сатысында тұрғанын, егер дер кезінде тосқауыл жасалмаса елдің денсаулық сақтау саласын құлдырауға ұшырататынын, оған қоса үлкен экономикалық шығын алып келетінін ескертті.
Билік тұрғындардан үйден мүмкіндігінше екі апта шықпауды өтінді. Оңтүстік Кореяда қазір 50 адамнан көп жиындарға, түрлі мәдени шараларға шектеу кіргізілді. Бүгінгі таңда Оңтүстік Кореяда 15 мың 515 адам індет жұқтырған, олардың арасында 305 адам көз жұмды.