Twitter 6 тамызда мемлекеттік медиа аккаунттарға белгі қою туралы шешім қабылдады.
Twitter компаниясы мәлімдемесінде жаңа белгі тек «мемлекет қаржыландыратын БАҚ, қаржылық ұйымдарға және тікелей немесе жанама түрде саяси бақылауды жүзеге асыратын БАҚ үшін» қолданылатынын айтты.
Осы уақытқа дейін белгіні China Sinhua News, China Daily, CGTN, Russia Today және Russia Sinhua News парақшалары таңбаланғандығы расталды. Twitter-дың хабарлауынша, әзірге белгілі елдерден бастаған, кейін шеңбер кеңейп басқа елдерге таралады.
Қытайдың мемлекетке қарасты бірнеше Twitter аккаунттарында «Қытай үкіметіне тәуелді БАҚ» деген белгі қойылған. «Global Times» редакторы Ху Сижиннің Twitter-дегі аккаунты да осы белгімен белгіленген.
Twitter Қытайда шектелген, бірақ Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары мен шенеуніктері Twitter-ді шетелге ақпарат тарату үшін қолданады.
Twitter-дің мұндай шешім қабылдаған себебі қоғамдық сынға жауап беру болды. Бұл шетелдік әлеуметтік медиа мен жалған ақпараттарды дұрыс қадағаламағаны үшін сынға алынды.
Сынның көп бөлігі Ресейдің 2016 жылғы президент сайлауы қарсаңында көптеген ақпаратты Twitter-де таратқаны басты себеп болған.
Алайда, Twitter-дің белгі қоюының мақсаты Қытай немесе ресейлік ресми БАҚ үшін ғана емес. Twitter сонымен бірге Қытай мен Америка Құрама Штаттарын қоса алғанда, кейбір ел басшыларының, елшілер мен сыртқы істер министрлерінің парақшаларына да белгі қоймақ.
Twitter бастапқыда БҰҰ-ның бес тұрақты мүшесі, атап айтсақ «Қытай, Франция, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ» деп жариялады.
АҚШ Президенті Трамптың жеке аккаунты белгіленбеген, бірақ Трамп Twitter-де өте белгіленді.Twitter жарияланған бұл шешім АҚШ президенті Трамптың наразылығына ұшырауы үмкін.