Жақында коронавирус пандемиясының бүгіні мен ертеңі жайлы халықаралық ғалымдар жиыны өтті. Онлайн режимінде Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары пікір алмасты. Жиын нәтижесінде Билл Гейтс қорының қолдауымен Оңтүстік Кореяда вирустарды ерте сатысында анықтап, жоя алатын құрылғы өндіру туралы шешімге келді.
Аталған шарада ғалымдар әлемді жаулаған вирустың қанша уақытқа созылатыны жайлы гипотезалар ұсынды. Корея университетінің профессоры Ким Ву Джудың айтуынша, пандемия тағы 2 жыл жалғасады деп болжайды. Себебі адамдар коронавирустың алдын алудың негізгі ережелерін сақтамайтынын айтады.
Ол сөзінде: «Баяғыда адамдар джунгли мен орманды жойып, жабайы жануарларды жеп, жаңа ауруларды тудырды. SARS вирусы Қытайдың оңтүстігінде жабайы мысықтарды тұтынған кезде пайда болды. Батыс Африкада жарқанат ұсталған кезде Эбола вирусы анықталды. Қазіргі коронавирус Уханьдағы жабайы табиғат базарындағы жарқанаттан басталды. Адамзат жабайы жануарларды пайдалану арқылы түрлі аурулар тарады. Енді оның алдын алу үшін барша адамзат «Бір денсаулық» қағидасын сақтау қажет. Яғни адам баласы, табиғат пен жануарлар бірге үйлесімді өмір сүруі қажет», - деп мәлімдеді.
Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 16 миллионға жуық адам COVID-19 коронавирусын жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 643 мыңнан асты. 9,2 миллионнан астам адам жазылды. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты пандемия деп жариялаған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы