Қытай Чыңду қаласындағы АҚШ консулдығының күзетін күшейтті: өкілдіктің алдында полицейлер көбейген. Талап бойынша консулдық қызметкерлері ғимаратты алдағы дүйсенбінің таңғы сағат 10-ға дейін босатуы тиіс.
24 шілдеде Қытай үкіметі АҚШ-тың Чыңдудағы Бас консулдығын жабатынын хабарлаған болатын. Ал ресми Уашингтон Қытай үкіметі бүгін АҚШ-тың Чыңду қаласындағы бас консулдығын жабады, бұл АҚШ-тың Қытайдың Хьюстондағы Бас консулдығын жабу туралы шешіміне «заңды жауап» деп мәлімдеді.
Бұған дейін Қытай Уашингтонның Хьюстондағы ҚХР Бас консулдығын жабу туралы шешіміне қарымта жауап береміз деген. Кейіннен Қытай СІМ өкілі Ван Вэнбин Уашингтон өз талабынан бас тартпаса, қажетті шаралар қабылдайтынын айтқан.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Морган Ортагус Хьюстондағы Қытай дипломатиялық орталығын жабу туралы шешім «америкалық зияткерлік меншік пен америкалықтардың жеке деректерін қорғау үшін» қабылданғанын айтты. Себебі осыған дейін Қытай хакерлерінің Америкадағы құпия деректерді ұрламақ болғаны шетелдік басылымдарда жазылды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді