Қытай үкіметі АҚШ-тың Чыңдудағы Бас консулдығын жабатынын мәлімдеді.
Ресми Уашингтон Қытай үкіметі бүгін АҚШ-тың Чыңду қаласындағы бас консулдығын жабады, бұл АҚШ-тың Қытайдың Хьюстондағы Бас консулдығын жабу туралы шешіміне «заңды жауап» деп мәлімдеді. Бұған дейін Трамп АҚШ-тағы Қытай консулдықтары жабылады лдеп хабарлаған болатын.
Қатай Сыртқы істер министрлігі екі жақты қатынасты қалпына келтіру үшін АҚШ тарабы қабылдаған шаралардың күшін жоюы керек дейді. Ал бейсенбіде Хьюстондағы Қытай консулдығының Бас консулы Кай Вэй Politico веб-сайтына берген сұхбатында Американың айыптауларын жоққа шығарды және АҚШ-тың сұрауы бойынша жұма сағат 16:00-ге дейін консулдықтың жабылатынын айтты. Ол: «Қазіргі уақытта консулдық қалыпты жұмыс істейді. Мен ертең не болатынын көремін» деді.
Помпео Қытайдың Құрама Штаттардағы дипломаттары АҚШ-тың Қытайдағы дипломаттарына қарағанда әлдеқайда көп екенін айтты. Сонымен қатар өткен тәулікте Калифорнияда сөйлеген сөзінде: «Біз Хьюстондағы Қытай консулдығының жабылатынын жарияладық, себебі бұл тыңшылық пен ұрлау орталығы» - деген.
Қазіргі уақытта екі елде бірдей елшіліктер мен консулдықтар бар, яғни бір елшілік пен бес консулдық әр қалаларда орналасқан.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы