Дүйсенбіде АҚШ Сауда министрлігі Шыңжаңдағы адам құқығының бұзылуына байланысты қытайлық 11 компанияны санкция тізіміне қосты.
Сауда министрлігі мәлімдемесінде бұл 11 қытайлық компания Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы районындағы аз ұлттарды қуғын-сүргінге ұшыратуы, қамауға алыу, мәжбүрлі жұмыс жасату, генетикалық тәжірибе жамау сияқты әрекеттері үшін тізімге қосқан.
Бұл шектеу шаралары қытайлық компаниялардың тауарлары мен техникаларын АҚШ териториясына кіруіне жол бермейді.
Санкция тізіміне енген 11 қытайлық компания мыналар:
1.Changji Esquel Textile Co. Ltd.
2.Hefei Bitland Information Technology Co.
3.Hefei Meiling Co. Ltd
4.Hetian Haolin Hair Accessories Co. Ltd.
5.Hetian Taida Apparel Co. Ltd.
6.KTK Group
7.Nanjing Synergy Textiles Co.Ltd.
8.Nanchang O-Film Tech,
9.Tanyuan Technology Co. Ltd,
10.Xinjiang Silk Road BGI
11. Beijing Liuhe BGI.
Бұл Шыңжаңдағы адам құқыған бұзды деген болжам бойынша американдық құрылымдардың үшінші мәрте жасаған тізімі. 2019 жылдың қазанында және осы жылдың маусымында АҚШ Сауда министрлігі Қытай билігімен бірге Шыңжаңда заң бұзушылықтар жасады деген күдікке 37 компания ілікті және оларға санкция енгізілді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы