Үндістан мен Қытай арасындағы шекара қақтығысынан кейін екі жақты келіссөздер жүргізілді. Алайда осыған дейінгі үш кездесу оң нәтиже бермеді, соған қарамастан қос тараб төртінші кездесуді өткізді.

Сәрсенбіде Қытай сыртқы істер министрлігі бұл реткі келіссөздер шекара мәселесін шешіуде оң нәтиже көрсетті деп мәлімдеді. Ал Үндістан жағы бұл тек уақыттың еншісіндегі мәселе дейді.

Осы реткі келіссөз 14 шілде түстен кейін басталған. Келіссөздерге Қытайдың Оңтүстік Шыңжаң әскери аймағының басшысы Лю Лин және үнді 14-армиясының қолбасшысы Хариндер Сингх қатысқан.

The Tribunal сәрсенбіде кездесу 15 сағатқа созылғанын хабарлады. Бұл бір ай бұрын екі ел арасында орналасқан Калван өзені маңында екі жақтың әскерилер арасындағы қанды қақтығыстан кейінгі екі жақты келіссөздер. Сол қақтығыс барысында Үндістанның 20 әскериі қаза тапты, 17 адам жараланды, ал кейбір сарбаздарды қытайлар тұтқынға алды деп мәлімдеді. Ал Бейжің бұл туралы ақпарат берген жоқ. Бұл соңғы 45 жылдағы Қытай мен Үндістан арасындағы ең ауыр қақтығыс болды.

Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин 15 шілде кезекті баспасөз мәслихатында:  «Қос тарап батыс шекарада жағдайды жеңілдету және әскери қолбасшылардың алдыңғы үш кездесудегі талқыланған мәселелерді жүзеге асырамыз. Үндістан мен Қытай нақты қадамдармен екі тарап қол жеткізген келісімді жүзеге асырады және бірлескен шекара аймағында бейбітшілік пен тыныштықты сақтайды деп сенеміз»

"The Qazaq Times"