АҚШ Федералды Барлау агенттігі (FBA) жас өспірмдердің өмірін қорғау мақсатында танымал "ТикТок" қосымшасына қатысты тергеу жұмыстарын жалғастыруда.
Ақ үй бірнеше министрліктің қытайлық ТикТок компаниясының шетелге арналған қосмшасын тексеріп жатқанын мәлімдеді. АҚШ үкіметі ТикТок компаниясын жас өспірмдер қауіпсіздігі туралы 2019 жылғы келісімді орындамады деп айыптайды. Reuters агенттігі аталған қытайлық компанияның келімді бұзғаны туралы бірнеше жағдайды жария екен. Соған байланысты АҚШ Әділет департаменті шаралар қабылдайтынын мәлімдеген
Мамырда оннан астам ұйымнан ТикТоктың 13 жасқа дейінгі қолданушыларға шектеу қоймағандығы үшін шағымдар түскен, олардың қатарында Демократиялық санақ орталығы, CCFC (Коммерциялық балалар құқғын қорғау) ұйымдары бар.
ТикТок компаниясы өкілі барлық қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіні және қосымшаны балалар қауіпсіз пайдалануы үшін мүмкіндіктер қарастырып жатқанын айтты. Қытайлық компания өкілі: «Біз еш уақытта пайдаланушылардың жеке ақпаратын Қытай үкіметіне ұсынған емеспіз және сұраған жағдайда да ондай қадамға бармаймыз», – деп ақталды.
7 шілде күні президент Трамп Gray TV арнасына берген сұхбатында ТикТок желісіне шектеу қою мәселесі қарастырылып жақанын айтқан. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы М. Помпео де растаған еді. «Бұл мәселе бойынша жұмыс алып барып жатқанымызға ұзақ уақыт болды» деген Помпео.